БҚО-да 22 оқушы ауруханаға түсті

Zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.11.2017 16:53 Zakon.kz
6-7-сыныптарда оқитын балалар фарингитпен ауырған.
Кеше кешкісін Бөрлі аудандық ауруханасына Ақсай қаласы маңындағы Қызылтал ауылындағы мектептен 22 бала түскен, - деп хабарлайды ҚазАқпарат.

БҚО қоғамдық денсаулық сақтау департаменті басшысының орынбасары Дамир Көпжасаровтың айтуынша, оқиға орнына Орал қаласынан осы мекеме және облыстық денсаулық сақтау басқармасынан арнайы мамандар барған.

Тексере келгенде, балалардың тамақтан уланбағаны, сондай-ақ жұқпалы ауруларға шалдықпағаны анықталды.

Қазіргі кезде ауруханада бес бала қалған, қалғандары үйлеріне жіберілген. Яғни 6-7-сыныптарда оқитын балалар фарингитпен ауырған.

Мұны облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Саламат Ералин де растады.

Фото: www.inform.kz
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: