Жаңалықтар тізбегі
0

Оралда күйік жарақатын алған әйел Самарада емделмек

Zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.11.2017 17:06 Zakon.kz
Самарада емделу үшін шамамен 5 млн теңгедей қаражат керек.
Оралдағы газ жарылысынан күйік шалған әйел Самарада емделмекші, - деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Нұрданат Беркінғалиұлының айтуынша, туыстары Самарадан кеңесуге маман-дәрігер алып келген. Содан кейін әйел Самара қаласындағы Н.Пирогов атындағы №1 қалалық клиникалық аурухананың №11 күйік жарақаты бөлімшесіне жеткізілді.

Денесінің 85 пайызын күйік шалған екі баланың анасы Әселім Нығметова мектепте мұғалім болып жұмыс жасайды. Күйеуі Руслан Нығметовтің інісі Ерлан Нығметовтің сөзіне қарағанда, жеңгесін Самарада емдеу өте қымбатқа түскелі отыр. Шамамен 5 млн теңгедей қаражат керек. Жарын Самараға апарып, қасында болып, түнде келген Руслан қазір арнайы есепшот ашудың қамымен жүр. Отқа оранған әйелін көріп, сөндірмек болған Русланның да қолын күйік шалған еді. Оған да көмек көрсетілген.

«Әселімнің жағдайы бүгін түстен кейін белгілі болады. Бәріміз соның тілеуін тілеп отырмыз», - деді Е.Нығметов.

Еске сала кетейік, 18 қараша күні сағат 09.58 шамасында Оралға қарасты Зачаган кентіндегі тұрғын үйде газ-ауа қоспасының жарылысы болып, алты адам зардап шегіп, соның ішінде 37 жасар Ә.Нығметованың денесін 85 пайыз күйік шалып, кейін оның іштегі сәбиі шетінеп кеткен еді.

Фото: www.dalanews.kz
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: