Павлодарда мұз үстінде серуендеген үш бала мен ер адам құтқарылды

Zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.11.2017 16:27 Zakon.kz
Құтқарушылар сағат кешкі бестің кезінде өзеннің үстінде жүрген екі оқушыны көріп қалған.
Павлодарда Усолка өзенінде жұқа мұздың үстінде еш алаңсыз қыдырып жүрген төрт адам құтқарылды, - деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Облыстық ТЖД мемлекеттік тіл және ақпарат тобы ұсынғана ақпаратқа сүйенсек, құтқарушылар сағат кешкі бестің кезінде өзеннің үстінде жүрген екі оқушыны көріп қалған.

- Балалар дереу құтқару станциясына жеткізілді. Кәмелетке толмағандардың ісі жөніндегі полиция қызметкерлері мен № 42 мектептің директоры шақырылды. Сонымен қатар, сағат кешкі алтыға қарай Усолка өзенінде мұздың үстімен баласын ертіп жүрген ар адамды жағаға жеткізді. Олармен түсіндіру жұмыстары жүргізілді, - деді департаментте.

Құтқарушылар тұрғындарға толық қатпаған мұздың үстінде серуендеу адам өмірі үшін өте қауіпті екенін ескертеді.

Фото: pavlodarnews.kz
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: