Қарағандыда жүк вагонының төбесінде селфи жасаған бала қаза тапты

JustMedia.ru, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.11.2017 15:17 JustMedia.ru
Денесін аздап күйік шалған екінші бала ауруханадан шықты.
Қарағандыда жүк вагонының төбесіне шығып досымен бірге суретке түсуге әрекеттенген кезінде тоқ соққан 14 жастағы бала жансақтау бөлімінде көз жұмды, - деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Жасөспірімнің денесінің 63 пайызын күйік шалған. Оны ажалдан құтқару мүмкін болмады», - деп хабарлады Қарағанды облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Айжан Иса.

Денесін аздап күйік шалған екінші бала ауруханадан шықты.

Еске сала кетсек, 17 қарашада «Қарағанды-Пассажирская» теміржол стансасының жолында жүк вагонының төбесіне шыққан 14 жастағы екі баланы тоқ соққан.

Вагонның электр желілеріндегі тоқ кернеуі 27 мың вольт болған. Қауіп туралы білмеген жеткіншектер ерекше селфи жасамақ болып, күзеттен жасырына вагон төбесіне шыққан.

17 қараша күні сағат 17:40-та станса жұмысшыларынан шақырту түсті. Электр тоғымен жарақат алған 14 жастағы екі бала ауруханаға жеткізілді.

Фото: JustMedia.ru
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: