Меккеде қажылығын өтеушілерге селфи жасауға тыйым салынды
Zakon.kz
Суретке түсу өзге қажылардың құлшылығын орындауына кедергі келтіреді.
Мекке қаласындағы Харам мешіті мен Мәдинадағы Пайғамбар (с.ғ.с.) мешітінде селфи жасауға, суретке түсіруге тыйым салынды, - деп жазады Stan.kz.
Сауд Арабиясы королдігінің билігі осындай шешім қабылдады. Бұл қажылығын өтеушілерге ғана емес, тілшілерге де қатысты.
Суретке түсу өзге қажылардың құлшылығын орындауына кедергі келтіреді. Ел билігі тыйым салудың себебін осылай деп түсіндірді.
Тыйымды бұзғандардың техникалық құралдары тәркіленіп алынатыны белгілі болды. Сондай-ақ, заңды шара қолданылады.
Фото: stan.kz
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript