Тоқаев Меккеде кіші қажылығын өтеді

24 шілдеде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Исламның бас киелі ордасы Мекке қаласында умра (кіші қажылық) жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қазақстан президенті құрметке ие болды - ол ерекше жағдайларда есігі мәртебелі қонақтар үшін ашылатын Қағбаның ішіне кірді, деп хабарлайды Ақорда.
Бұл Сауд Арабиясы басшылығының Қазақстан басшысына деген терең құрметінің дәлелі болды.
23 шілдеде Қасым-Жомарт Тоқаев ресми сапармен Сауд Арабиясына келді. Мемлекет басшысы Сауд Арабиясындағы іскер топ өкілдерінің қатысуымен өткен инвестициялық дөңгелек үстелге қатысты.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript