Жаңалықтар тізбегі
0

Қасым-Жомарт Тоқаев АӨСШК Бас хатшысы Қайрат Сарыбайды қабылдады

Кездесу, Қасым-Жомарт Тоқаев, Қайрат Сарыбай, АӨСШК, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.08.2023 18:06 Сурет: akorda.kz
24 тамызда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев АӨСШК Бас хатшысы Қайрат Сарыбайды қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Кездесу барысында Мемлекет басшысына Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің қазіргі қызметі және алдағы даму перспективасы таныстырылды, делінген Ақорда хабарламасында.

Бас хатшы Қайрат Сарыбай Президентке ұйымның 2022 жылғы  6-шы саммитінде қабылданған АӨСШК трансформациясы жөніндегі Астана мәлімдемесінде көрсетілген негізгі бағыттардың орындалу барысы туралы мәлімет берді.

Бұдан бөлек, форумның тұрақты институттарының жұмысы, орнықты өзара байланыс, қаржылық серіктестік, экология салаларындағы бастамаларды белсенді жүзеге асыру, сондай-ақ Азия елдері кеңістігінде жастар арасындағы және білім саласындағы тәжірибе алмасу перспективалары жөнінде баяндалды.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев АӨСШК мақсаттары мен міндеттерін, сондай-ақ ұйымның Астанада өткен 6-шы саммитінде көтерілген бастамаларды іске асыру маңызды екеніне назар аударды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: