Елімізде күздің соңғы күні жауын-шашынсыз ауа райы сақталады
Sputniknews.kz
Алматы облысының кей жерлерінде тұман болады.
Бүгін еліміздің басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы болжанады. Тек солтүстікте, солтүстік-батыста, орталықта және оңтүстіктің кей жерлерінде жауын-шашын болады, тұман түсіп, көктайғақ күтіледі. Желдің жылдамдығы 15-20 м/с күшейеді, - деп хабарлайды Zakon.kz Қазгидрометке сілтеме жасап.
Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады, желдің жылдамдығы 15-20 м/с дейін күшейеді.
Алматы облысының кей жерлерінде тұман болады, Жалаңашкөл ауданында жел 18-23 м/с жетеді.
Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түсіп, күндіз Жарма ауданында желдің жылдамдығы 15-20 м/с дейін күшейеді.
Қарағанды, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола облыстарының кей жерлерінде тұман түседі деп болжанады, Қарағанды облысының кей жерлерінде көктайғақ болады.
Фото: sputniknews.kz
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript