Жаңалықтар тізбегі
0

Алматыда гендерлік саясатқа арналған жиын өтті

Zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.12.2017 17:19 Zakon.kz
Жиын «Зорлық-зомбылықсыз 16 күн» Халықаралық акциясы шеңберінде өтіп отыр.
Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінде «Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты жою» тақырыбында дөңгелек үстел өтті, деп хабарлайды оқу орнының баспасөз қызметі.

Әлеуметтік және гендерлік ғылыми-зерттеу институтының ұйытқы болуымен ұйымдастырылған шараға жоғары оқу орындарының қызметкерлері, Орталық Азиядағы «БҰҰ-әйелдер» көпмемлекеттілік бөлімінің мамандары мен үкіметтік емес ұйым өкілдері қатысты.

Жиын «Зорлық-зомбылықсыз 16 күн» Халықаралық акциясы шеңберінде өтіп отыр. Мақсат – әйелдердің теңдігіне, қауіпсіздігі мен бостандығына қатысты құқықтар мен қағидаларды жан-жақты талқылау.

Басқосуды Қыздар университетінің Стратегиялық даму және халықаралық байланыстар жөніндегі проректоры Алмагүл Құлтуманова ашып, тақырыптың бүгінгі күні өте өзекті екендігін жеткізді.

– Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты жою қазіргі күнде өзекті мәселенің бірі. Бүгінгі жиын шеңберінде қарастырылған мәселелерге студенттер қызығушылық танытып, ары қарай осы тарапта зерттеулермен айналысулары қажет. Өйткені, әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық әлемнің барлық жерінде таралған және кез келген қоғамда кездесетін жағдай. Нәзікжандыларға қатысты зорлық-зомбылық жасау мәселесі тек нәсілдігін, әлеуметтік ортасын, шығу тегін ғана қозғап қоймай, сонымен қатар басқа жағдайлардан туындайды. Тұрмыстағы зорлық-зомбылық мәселесін дамыған мемлекеттердің өзі жеңе алған жоқ. Бұл құбылысты тоқтату жолдарын қоғам шешуге тырысады. Бұл жайт туралы тек атаулы күндерде ғана емес, күнделікті айтылу керек, – деп атап өтті А. Құлтуманова.

Ал, педагогикалық университеттің Әлеуметтік және гендерлік зерттеулер институтының директоры Зәмзә Қодар осы тұрғыдағы өз пікірін білдіріп, осы орайда атқарылуы тиіс жұмыстардың бір параса жайында баяндады.

– Осы олқылықты жайттың қалай алдын алуға болады, нендей ұйымдармен етене жақын жұмыс істеуіміз қажет деген сауалдар турасында ойлануымыз керек. Қоғамда осы тақілеттес маңызды мәселені кеңінен талқылап, себептерін тыңғылықты зерттеу жасаған ләзім, – деді ол.

Сонымен қатар, басқосу барысында Орталық Азиядағы «БҰҰ-әйелдер» көпмемлекеттілік бөлімінің білімді басқару жөніндегі маманы Гүлназ Иманиязова, еліміздегі БҰҰ өкілдігінің қоғамдық ақпарат департаментінің өкілі Властимил Самек өзіндік ойларымен бөлісті.

Жиын аясында «Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау» тақырыбында пікір-сайыс өткізіліп. Қыздар университетінің «Қыз Жібек», «Серт», «Ақ қауырсын» және «Тәуелсіздер Лигасы» атты студенттік ұйымдары тақырып шеңберінде арнайы презентацияларды жұртшылық назарына ұсынды.

– Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық әлемнің барлық жерінде таралған және кез келген қоғамда кездесетін жағдай. Нәзікжандыларға қатысты зорлық-зомбылық жасау мәселесі тек нәсілдігін, әлеуметтік ортасын, шығу тегін ғана қозғап қоймай, сонымен қатар басқа жағдайлардан туындайды. Тұрмыстағы зорлық-зомбылық мәселесін дамыған мемлекеттердің өзі жеңе алған жоқ. Бұл құбылысты тоқтату жолдарын қоғам шешуге тырысады. Бұл жайт туралы тек қарашаның 25-інде ғана емес, күнделікті айтылу керек, – дейді шара ұйымдастырушылары.

Айта кетейік, Қыздар университетіндегі «Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылыққа қарсы белсенді 16 күн» жобасы 25 қараша мен 10 желтоқсан аралығында жүргізілмек.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: