Нығматулин: Қазақстанның шекараларын рәсімдеу процесін жедел бітіру қажет

Zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 06.12.2017 17:57 Zakon.kz
Қазақстандық-ресейлік шекараларды шегендеу жұмысы жалғасуда.
Бүгін Парламент Мәжілісінің Спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен өткен жалпы отырыста депутаттар Қазақстан-Түрікмен мемлекеттік шекарасын шегендеуге қатысты келісімді ратификациялау туралы заң жобасын мақұлдады, - деп хабарлайды Zakon.kz Мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Осыған орай, Мәжіліс Төрағасы Қазақстанның іргелес елдермен мемлекеттік шекарасын халықаралық-құқықтық рәсімдеуі тәуелсіздіктің тарихи жетістіктерінің бірі саналатындығын атап өтті.

Осы ретте Мәжіліс Төрағасы: - біз барлық көршілерімізбен келісімдер жасадық, онда бірлескен шекара сызықтарының қалай өтетіні нақты белгіленген. Енді шекараларды шегендеу жұмыстары жүргізілуде, - деді.

Мәжіліс Төрағасы атап өткендей, осыған сәйкес құжаттарды қол қоюға дайындау бойынша жұмыстар дәл қазіргі уақытта Қырғызстан, Өзбекстан елдері бойынша қолға алынған, ҚХР бойынша бұл үрдіс аяқталды, сондай-ақ, қазақстандық-ресейлік шекараларды шегендеу жұмысы жалғасуда.

- Ендігі кезекте Қазақстанның барлық мемлекеттік шекараларын халықаралық-құқықтық рәсімдеу процесін барынша жедел бітіру қажет. Ол алдағы уақытта кез-келген аумақтық даулардың алдын алуға мүмкіндік береді, - деді Н. Нығматулин.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: