Қызылордада ІІІ облыстық әйелдер форумы өтті
Zakon.kz
Форум аясында ұлттық қолөнерді насихаттаушы Аида Керімқұлованың туындыларынан көрме ұйымдастырылды.
Бүгін Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасы мен облыс әкімі жанындағы отбасы-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның ұйымдастыруымен «Ұлт руханияты: Отбасы. Өнеге. Құндылық» ІІІ облыстық әйелдер форумы өтті.
Форум жұмысына облыстағы іскер, көшбасшы әйелдер, алтын құрсақты аналар мен өз кәсібінде жетістікке жеткен арулар және үкіметтік емес ұйым мүшелері мен жастар қатысты.
Форумды облыс әкімінің орынбасары, отбасы-демографиялық саясат жөніндегі комиссия төрағасы Рүстемов Руслан Рүстемұлы жүргізіп отырды.
Жиын барысында Жаңақорған кентінің әйелдер кеңесінің төрайымы Сырғагүл Болғанбаева «Отбасы құндылықтары және қоғамдық жаңғыру» тақырыбында, облыстық медицина орталығының бөлім меңгерушісі, дәрігер эндокринолог Елена Цхай «Бірлік пен татулық – елдігіміздің нышаны» тақырыбы бойынша, кәсіпкер, ұлттық салт-дәстүрді насихаттаушы Аида Керімқұлова «Қолөнер бұйымдарын өндіру арқылы ұлт құндылықтарын насихаттау» тақырыбында, психолог, аудармашы «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпазы Сымбат Әбдірахманова «Рухани жаңғыру және отаншылдық» тақырыбы бойынша, ақын, «Шабыт» халықаралық жастар фестивалінің лауреаты Асылзат Айтмаханова «Әйел ақындар шығармашылығының ұрпақ тәрбиесіндегі маңызы» тақырыбында баяндама жасады.
Форум аясында ұлттық қолөнерді насихаттаушы Аида Керімқұлованың туындыларынан көрме ұйымдастырылды. Сонымен бірге, «Ұрпақтар сабақтастығы» аясында алдыңғы буын өкілдері әр саладағы белсенді жастарға номинациялар табысталды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript