Жаңалықтар тізбегі
0

Ақтөбеде ауылдан шыққан әлем чемпионы еңбегіне жалақы төленгенін қалайды

Фото: Аktobenews.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.12.2017 23:56 Фото: Аktobenews.kz
Уақытымның көп бөлігін спортқа арнағаннан кейін қазіргі таңда жұмыста жоқпын - Бағдат Жұбаныш.

Әлем чемпионатында жүлдегер болған Бағдат Жұбаныш спорттағы қызметі үшін жалақы төленіп, еңбегі еленгенін қалайды, деп хабарлайды Aktobenews.kz.

Бағдат Жұбаныш өткен аптада Атырау қаласында болған ұлттық жекпе-жек түрінен тұңғыш өткен әлемдік додада чемпион болған еді. Барлық уақытын спортқа арнаған ауыл баласы ай сайын жалақы төленсе деген ниетін де жеткізді.

«Қазіргі таңда «Атлант» спорт кешенінде дайындаламын. Ауылдан келдім негізі. Колледж оқып жүргенде осы спортқа қызығушылығым артып, қатысқан болатынмын. Облыстық панкратион мен грэпплинг жарыстарында жеңіп жүрдім. Облыстың атынан республикалық жарыстарда да алдыңғы орындарды иелендім. Азия чемпионы атандым. Әлем чемпионатында бағымды сынап көк туымызды желбіреттім. Уақытымның көп бөлігін спортқа арнағаннан кейін қазіргі таңда жұмыста жоқпын. Сол себепті жекпе-жек спорт түрінен ай сайын жалақы төленсе деймін», — дейді Бағдат Жұбаныш.

Жас спортшы қазіргі таңда наурыз айында өтетін жекпе-жектен әлемдік белбеу үшін болатын жарысқа дайындық үстінде.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: