Жаңалықтар тізбегі
0

ОҚО-да биыл 50 мыңнан астам жер теліміне сәйкестендіру құжаты берілген

Zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.12.2017 01:03 Zakon.kz
Сонымен қатар, облыстық жер кадастры және жылжымайтын мүлікті техникалық тексеру департаментінің Қазығұрт аудандық бөлімшесі биылғы жылдың наурыз айынан пилоттық жобаны іске қосқан.

Оңтүстік Қазақстан облысында ағымдағы жылы облыстық жер кадастры және жылжымайтын мүлікті техникалық тексеру департаменті халыққа мемлекеттік және коммерциялық қызмет көрсету бойынша бірқатар ауқымды жұмыстар атқарды. Мәселен, осы жылдың 10 айында жер теліміне жалпы 50 мыңнан астам сәйкестендіру құжаты және жылжымайтын мүлік нысандарына 25 мыңға жуық техникалық төлқұжат әзірленген. Бұл туралы бүгін ОҚО өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында облыстық жер кадастры және жылжымайтын мүлікті техникалық тексеру департаментінің директоры Данабек Исабеков мәлімдеді.

Оның айтуынша, департамент 14 мемлекеттік және 30-дан астам коммерциялық қызмет көрсетіп келеді. Атап айтқанда, жер теліміне жеке меншік құқығына және жерді пайдалану құқығына актілерді рәсімдеу, сондай-ақ жер телімінің кадастрлық құнын анықтау сынды қызмет түрлерін көрсетіп келеді.

«Ең үлкен сұранысқа ие қызмет түрлері - жер телімдеріне сәйкестендіру құжаттарын және жылжымайтын мүлік нысандарының техникалық төлқұжатын дайындау болып отыр. Қазіргі таңда мемлекеттік қызметтерге құжаттарды қабылдау және беру Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы жүзеге асырылады», - деді Данабек Ержанұлы.

Сонымен қатар, облыстық жер кадастры және жылжымайтын мүлікті техникалық тексеру департаментінің Қазығұрт аудандық бөлімшесі биылғы жылдың наурыз айынан пилоттық жобаны іске қосқан. Оны іске асыру мақсатында жұмысшы тобы құрылып, жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу қызметінің көрсетілу сапасы бақылауға алынып отыр.

Баспасөз конференциясында департамент басшысы мекеме қызметкерлері тарапынан дұрыс қызмет көрсетілмеген жағдайда немесе туындаған мәселелер мен арыз-шағымдар бойынша 8-747-703-76-21 нөміріне, яғни, «WhatsApp» желісіне хабарласуға болатынын атап өтті. Сондай-ақ, ол департаменттің барлық бөлімшелерінде шағым-ұсыныс жәшіктері орналастырылғанын жеткізді.

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: