BI Group: біз клиенттеріміздің сенімін бағалаймыз және бұдан да жақсы болуға ұмтыламыз!
Бұл жолы холдинг басшылығымен кездесуге «Парижский квартал-5» ТК-нің, «EXPO Boulevard», «Park Avenue 3-1», «BI City блок G» тұрғын-үй кешендерінің тұрғындары келді.
Форум – бұл тұрғындар көкейінде жүрген сұрақтарын тікелей басшылыққа қою арқылы жауап алуға арналған мүмкіндік. Ал бұл өз кезегінде топ-менеджмент үшін клиенттердің көзқарасын анықтауға, олармен кері байланыс орнату арқылы құрылыс сапасын және қызмет көрсету саласын арттыруға зор мүмкіндік. Компания басшысы алғы сөзінде форумға шақырылған 1500 адамның тек 300-і ғана келгендігін атап өтті:
- Тұрғындырға қоңырау шалған кезде біз оларды осы форумға шақыра отырып, шағымдары болса тыңдауға, сұрақтары болса жауап беруге дайын екенімізді айтамыз. Жыл өткен сайын аталған форумға келетін адамдар саны азаюда. Әрине, клиентеріміздің бізбен қарым-қатынас орнатқысы келмейтіні бір жағынан қынжылтады. Дегенмен, осылайша шағымдардың азаюы, біздің компанияға деген көзғарастарының артуы қуантарлық дүние,-деді Айдын Рахимбаев.
Компанияның BI Service қызметі осы жылдың 1 қаңтарынан 7 желтоқсан аралығында 33 мың пәтер иелерінен 28 мың қоңырау қабылдаған. Бұл дегеніміз тәулігіне шамамен 85 қоңырау. Қабылданған өтініштің барлығы элктрондық базаға тіркеліп, орындаушыларға бағытталады. Осындай өтініштер арқылы көптеген мәселелер шешіліп, BI Group объектілерінде жаңа сапа стандарттары қабылданды.
Форум барысында компания өкілдері клиенттерді сервис қызметтерімен оңай байланыс орнатудың жаңа тәселдерімен таныстырды. Электрондық порталдан бөлек, клиенттерге енді BI Client мобильды қосымшасы да қолжетімді болды. Бұл қосымша арқылы клиент пен компания арасындағы алғашқы шартқа отырудан бастап соңғы құжаттар сақталу мезетіне дейінгі қарым-қатынастардың барлығы тіркеледі. Қысқасы, енді үй менеджерін іздеп уақыт құртудың еш қажеттілігі жоқ. Жай ғана мобильді қосымшадағы өзіңіздің жеке кәбинетіңізге кірсеңіз болды.
Сонымен қатар, компания пәтерлердің халыққа қолжетімді болуына да аса көп мән беруде. Осы мақсатта өте ыңғайлы шарттармен қолжетімді бағаға пәтер иеленудің қаржылық бағдарламалары қарастырылған. Астана, Алматы, Атырау қалаларында орналасқан үйлерді саып алуға керемет мүмкіндік.
- Клиентеріміздің 20%-ға жуығы бізбен 10 жылдан астам уақыт бірге, және осы бізге артылған сенімді біз бағалаймыз. Тұрғын үй кешендер бірнеше кезекке (очередь) бөлінеді. 1-кезек пәтерлерінің 70%-ы сатылмайынша, біз 2-кезектің құрылысын бастамаймыз.
Форумда тағыда дыбыс изоляциясы жайлы сөз қозғалды. Тұрғын-үйлердің бірінде тұратын көпбалалы ана осы мәселе жайлы айтып кетті. Жауап ретінде компания өкілдері тез арада пәтерге келіп, дыбыс изоляциясы деңгейін анықтап, норма бұзылған жағдайда барлығын қалпына келтіреміз деп уәде берді.
Сонымен қатар жаңа үйлердегі кәріс тілінде дыбысталатын лифттерге наразылық айтылды. Қазақ тіліндегі ақпаратқа қолжетімділік мәселесі көп қозғалып жүргендіктен басшылық жақын арада лифттерге қазақ тілін орнатамыз деді компания басшылығы.
Форум соңында компания тұрмыстық техника, жиһаз дүкеніне арналған сертификатқа ұтыс ойынын өткізді. Ең басты сыйлық паркинг – оның иегері еңбек ардагері Тұрсынбай Ахметов болды.
- Мен де құрылысшымын, және біз өз уақытымызда клиенттерден қашатын едік, ал сіздер өздеріңіз бізге қарай ұмтыласыздар. Бұл әрине, қуантарлық дүние. Пәтерім де, көлігім де бар. Енді міне, өз автокөлік тұрағым да бар. Құрылысшыларға осындай үй үшін көп рахмет.
Компания да сыйлықсыз қалмады. Тұрғындардың бірі BI Group-тың өмір жолы жайлы «Книга перемен» атты кітапты қазақ тіліне аударыпты.