Шымкентте көпқабатты үйден үш бала мен әйелдің денесі табылды
Шымкент қаласында Республика даңғылындағы көпқабатты тұрғын үйлердің бірінен төрт адамның мәйіті табылды, оның үшеуі кәмелеттік жасқа толмағандар, деп хабарлайды Zakon.kz Тvk-uko телеарнасына сілтеме жасап.
10 желтоқсан күні №31 үйдің төртінші қабатынан төрт адамның мәйіті табылды. Қайтыс болғандар - төрт жасар қыз бала, он екі, он үш жасар жасөспірімдер және олардың әжесі. Отбасы пәтерді жалдап тұрған.
Олар көптен бері көрінбей кеткендіктен алаңдай бастаған туыстары мен көршілері полицияға хабарласқан.
Төтенше жағдайлар департаментінің құтқарушылары пәтер есігін бұзып кіргенде сұмдық жағдайды көрген. Алдын ала болжам бойынша, олардың денелері екі-үш тәулік бойы жатып қалған.
Өлімдерінің себебі газдың таралуы болуы мүмкін. Тергеу жүріп жатыр.