Жаңалықтар тізбегі
0

Министр Моңғолиядан оралған қандастарға зейнетақы қалай төленетінін түсіндірді

Sputniknews.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.12.2017 21:02 Sputniknews.kz
Моңғолиямен екі жақты негізде зейнетақымен қамсыздандыру саласындағы өзара іс-қимылды жандандыру мүмкіндігі пысықталып жатыр

Мәжілістегі коммунистер фракциясының депутаттары Қазақстан мен Моңғолия арасында жасалған әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы ынтымақтастық туралы келісім күшінің жойылуы осы елден қоныс аударып жатқан оралмандар көшінің тоқтауына әкеп соғуы мүмкін екенін айтып, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсеноваға депутаттық сауал жолдаған болатын, - деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Депутаттардың айтуынша, 2014 жылы 8 сәуірден бастап Қазақстан мен Моңғолия арасында жасалған әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы ынтымақтастық туралы келісімнің күшінің жойылуына байланысты Моңғолиядан оралған қазақтардың зейнетақысы күрт төмендеп кеткен.

Өйткені оралмандардың Моңғолиядағы еңбек өтілі есепке алынбай отыр.

Мысалы, Моңғолияда мемлекеттік қызметте 46 жыл еңбек еткен азамат қазір Қазақстанда 12 850 теңге жәрдемақы алады екен. 11 мың теңгені қанағат тұтуға мәжбүр болып отырған адамдар аз емес.

"Қазақстан мен Монғолия арасындағы әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы ынтымақтастық туралы келісімнің күші ұзақ мерзімге жасасқан еңбек шартымен жұмыс істейтін және екі мемлекеттің аумағында тұрақты тұратын азаматтарға, оның ішінде әскери қызметшілер мен құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне қатысты болатын. Қазақстанның қолданыстағы заңнамаларына сәйкес ұзақ мерзімге жасасқан еңбек шарты бойынша еңбек қызметі жүзеге асырылмайды. Осыған байланысты құқық қорғау органдарының бастамасы бойынша Қазақстан үкіметінің 2014 жылғы 8 сәуірдегі қаулысымен аталған келісімнің күші жойылды", — деп жазылған министрдің депутаттарға берген жауабында.

Бұл ретте, Дүйсенова атап өткендей, келісім қолданыста болған кезде тағайындалған зейнетақыны төлеу құжат күшін жойса да жалғасады.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес Моңғолиядан Қазақстанға тұрақты тұруға келген адамдарға ынтымақты зейнетақы тағайындау кезінде 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін Моңғолияда жинақталған еңбек өтілі есептелмейді. Қазақстанда еңбек өтілі болмаса, зейнеткерлік жасқа жеткенде оларға мемлекеттік базалық зейнетақы төленеді. Егер олар Қазақстанда 1998 жылғы 1 қаңтардан кейін жұмыс істеп, жарна аударып отырған болса, жинақтаушы зейнетақы жүйесінен төлемдерін алуға құқылы.

"Сонымен қатар, мемлекет басшысының қатысуымен 2017 жылғы 23 маусымда өткен V Дүниежүзі қазақтарының құрылтайы хаттамасының 7- тармағын және премьер-министрдің бірінші орынбасары Асқар Маминнің төрағалығымен өткен кеңес хаттамасын іске асыру мақсатында қазіргі уақытта министрлік мүдделі мемлекеттік органдармен (СІМ, Қаржы министрлігі, ҰЭМ, Әділет министрлігі) бірлесіп, Моңғолиямен екі жақты негізде зейнетақымен қамсыздандыру саласындағы өзара іс-қимылды жандандыру мүмкіндігі туралы мәселені пысықтауда. Осыған байланысты жұмыс тобы пропорционалдық қағидат шарттары бойынша зейнетақымен қамсыздандыру үшін Моңғолияның нормативтік құқықтық актілерін, екі елдің миграциялық ағындарын зерделеуде", — дейді Дүйсенова.

Халықаралық тәжірибеге сәйкес келетін пропорционалдық қағидат бойынша Қазақстан елде жинақталған еңбек өтілі үшін ғана зейнетақы төлейді. Бұл ретте, 1998 жылғы 1 қаңтарға дейінгі еңбек өтілі үшін зейнетақы төлемі республикалық бюджеттен, ал 1998 жылғы 1 қаңтардан кейінгі еңбек өтілі үшін жинақтаушы зейнетақы жүйесінен жүзеге асырылады.

Бұдан бөлек, Моңғолия аумағында жинақталған еңбек өтілі үшін зейнетақы Моңғолия заңнамасына сәйкес төленеді.

Яғни, әрбір мемлекет өз аумағында жинақталған еңбек өтілі үшін зейнетақыны ұлттық заңнамада көзделген шарттар мен мөлшерде төлейді. Демек, азамат өзінің еңбегі үшін зейнетақыны басқа елде тұрақты тұрып жатса да алуы тиіс.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: