Қашағанда мұнай өндіру жылдық жоспардан 46 пайызға асып түсті

Фото: www.inform.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.12.2017 17:37 Фото: www.inform.kz
2020 жылы Қашағанда 13 млн тонна мұнай өндіріледі деп жоспарланып отыр.

Қашағанда мұнай өндіру деңгейі жылдық жоспардан 46 пайызға асып түсті. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Өңірлік бөліністе бірқатар өңірлерде өнеркәсіпте, ауыл шаруашылығында және құрылыста өсудің оң серпіні байқалып отыр. Өнеркәсіпте Атырау облысында ең жоғарғы өсу 21,4 пайыз деңгейінде байқалып отыр. Бұл Қашағанда тұрақты мұнай өндірудің есебінен қамтамасыз етілді. Мәселен, биылғы11 айда 7,3 млн тонна мұнай өндірілді, бұл бастапқы жылдық жоспардан (5 млн тонна) на 46 пайызға артық», - деді ведомство басшысы.

Т. Сүлейменовтың атап өтуінше, қордың сарқылуы тұрғысында мұнай өндірудің қысқаруы аясында Қызылорда (төмендеу 3,9 пайызға) және Маңғыстау (0,4 пайызға) облыстары теріс көрсеткіште қалуын жалғастыруда.

Бұдан бұрын хабарланғандай, 2020 жылы Қашағанда 13 млн тонна мұнай өндіріледі деп жоспарланып отыр.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: