Қашағанда мұнай өндіру көлемі тәулігіне 450 мың баррельге жетеді

ҚазАқпарат, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.08.2018 15:02 ҚазАқпарат
Мұнай өндіру көлемі тәулігіне 235 мың баррельге жетті.

Қашағанда мұнай өндіру көлемі тәулігіне 450 мың баррельге жетеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазіргі кезде Қашағанда кен орнын пайдаланудың бірінші кезеңі аясында мұнай өндіру көлемі тәулігіне 235 мың баррельге жетті. Қуат кезең-кезеңімен арттырылып жатыр.

Жуық арада тәуліктік мұнай өндіру көлемін 370 мың баррельге жеткізу үшін теңіз кешені нысандарында шикі газды қайта қыртысқа айдайтын компрессорларды жаңғырту, қазіргі бұрғылау аралында шикі газды айдайтын қосымша компрессорды орнату жоспарланып жатыр.

Бұдан тыс, бұрғылау және теңіз нысандары арасында құбырлар жатқызу бойынша қосымша жұмыстар атқару жоспарда бар. Үкімет пен инвесторлардың қолдауының арқасында, бұл мұнай өндірудің тәуліктік көрсеткішін 450 мың баррельге жеткізу мүмкіндігін береді», - дейді НКОК консорциумының басқарушы директоры Бруно Жардэн жобаның 25 жылдығын тойлау салтанатында.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: