Ереуілдеткен шахтерлер жер бетіне шықты - АрселорМиттал Теміртау
Sputnik Казақстан
"Шахтинск", "Ленин атындағы" және "Тентек" шахтасындағы барлық кеншілер жер астынан шыққан.
Бірнеше күн бойы жер астында болған ереуілші шахтерлер кенжардан шықты, деп хабарлайды Zakon.kz "АрселорМиттал Теміртау" АҚ баспасөз қызметі.
"Бүгін түнде, 15 желтоқсанда, "Шахтинск", "Ленин атындағы" және "Тентек" шахталарындағы барлық шахтер жер бетіне шықты. Қазір "Қазақстан" шахтасындағы кеншілер шығарылып жатыр", — делінген компания хабарламасында.
Бірақ компания шахтерлердің талаптарын орындайтынын мәлімдеген жоқ.
"АрселорМиттал Теміртау" АҚ төрт шахтасының жұмысшылары 11 желтоқсанда жұмыс ауысымы аяқталған соң кенжардан шықпай қойған. Жұмысшылармен келіссөз жүргізу үшін компания өкілдері келді. Шахтерлер бірқатар талап қойған, оның ішінде жалақыны көтеру және зейнет жасын төмендету бар.
14 желтоқсанда Шахтинск соты ереуілді тоқтатып, шахтерлерді жер астынан шығуға міндеттеді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript