Қазақстан азаматы АҚШ-та 15 жылға сотталды

Zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.12.2017 18:19 Zakon.kz
22 жастағы Саидахметов террорлық ұйымға қосылу үшін Сирияға бармақ болыпты.

Қазақстан азаматы Ахрор Саидахметов "Ислам мемлекеті" (Қазақстанда, Ресейде және бірқатар елде тыйым салынған) террорлық ұйымына материалдық жәрдем беру мақсатында сыбайласқаны үшін 15 жылға бас бостандығынан айырылды, - деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Нью-Йорк Шығыс округы бойынша федералды прокурор сайтына сілтеме жасап.

22 жастағы Саидахметов террорлық ұйымға қосылу үшін Сирияға бармақ болыпты.

"Саидахметов ИГИЛ содыры болуды көздеген, ол мақсатына жетпесе, АҚШ ФТБ агенттері мен полицейлерге шабуыл жасап, көшеде шу шығаруға дайын еді", — деп мәлімдеді ФТБ директорының көмекшісі Уильям Суини.

2014 жылдан бастап радикалды көзқарасты ұстанып, Ислам мемлекетіне қосылғысы келетінін мәлімдеген. 2015 жылы ақпанда Қазақстан азаматы Стамбулға келіп, жол шығыны мен қару сатып алу үшін сыбайласынан 1,6 мың доллар алған.

Саидахметов Стамбулға аттанатын ұшаққа отырған кезде ұсталыпты. Жазасын өткерген соң ол Қазақстанға депортацияланады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: