Қазақстандықтарды 2017 жылдағы ең ұзақ түн күтіп тұр

bibo.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.12.2017 21:24 bibo.kz
Енді күн ұзарып, түн қысқарады.

2017 жылдың 21 желтоқсанында - ең ұзақ түн және ең қысқа күн болатын қысқы күн тоқырауы күтілуде, - деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Мысалы, Астанада қысқы күн тоқырауында - 2017 жылдың 21 желтоқсанында сағат 9:16-да күн шықса, 17:09-да батады. Күндізгі уақыттың ұзақтығы 7 сағат 53 минутты құрайды.

Қысқы күн тоқырауда күн оңтүстік-шығыстан шығып, оңтүстік-батыстан батады.

Енді күн ұзарып, түн қысқарады. Хал­қымыз мұны «қыс ортасы», «ең қысқа күн», «қыстың алғашқы күні» деп те атаған. Бұл кезде Солтүстік жар­ты шарда астро­номиялық қыс басталып, Сол­түстік полюс қалың қараңғылық құшағында қалады. Күннің қыс­қы тоқы­рауынан соң күн­нің бір­тіндеп ұзаруы бас­талады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: