Жаңалықтар тізбегі
0

Арыста екі фельдшерлік бекет пен қонақ үй пайдалануға берілді

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.12.2017 18:16 ОҚО әкімінің баспасөз қызметі
Медициналық нысанда фельдшердік кабинет, екпе бөлмесі мен акушерлік кабинет орналасқан.

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасы аясында 1-желтоқсан Тұңғыш Президент күніне орай, Арыс қаласындағы Саналы және Шағыр елді мекендерінде облыстық бюджет есебінен фельдшерлік амбулаториялық бекет қолданысқа берілді, деп хабарлайды ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.

Ашылу салтанатына қатысқан қала әкімі Мұрат Болатұлы денсаулық сақтау нысандары елді мекен тұрғындарына алғашқы медициналық қызмет көрсету мақсатында ел игілігіне пайдалануға беріліп жатқанын атап өтті.

«Мемлекеттің басты байлығы – халық. Ал халықтың басты байлығы – денсаулығы. Бұл үшін әр елдімекенді ауруханамен қамтамасыз ету бағытында жұмыс атақаруымыз тиіс!», - деген қала әкімі М.Қадырбек барша тұрғындарды мерекемен құттықтады.

Медициналық нысанда фельдшердік кабинет, екпе бөлмесі мен акушерлік кабинет орналасқан. Кабинеттердің бәрі де толықтай заманауи жаңа үлгідегі аппараттармен жабдықталып, білікті мамандар ауыл тұрғындарының барлығына да қажетті медициналық көмек көрсетуге әзір. Енді мұнда күнделікті денсаулығына шағымданған жандарға кез-келген көмек көрсетілетін болады.

Бұдан бөлек, осы күні Арыс қаласында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласындағы «Туған жер» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында жеке кәсіпкер М.Ержігітовтың бастамасымен жаңадан бой көтерген заманауи «MADANI» қонақ үй кешені ашылды.

Бұл нысанның ашылуымен жаңадан жұмыс орындары құрылып, қаланың туристiк әлеуетi арта түспек. Жаңадан ашылған екі қабатты ғимаратта заман талабына сай жасақталған қонақ бөлмелер, асхана, автокөлік жуу, автокөлік жөндеу цехтары орналасқан.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: