Жаңалықтар тізбегі
0

ОҚО-да 2018 жылға "Рухани жаңғыру" бағдарламасы бойынша қандай жоспарлар құрылды

Zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.12.2017 23:28 Zakon.kz
Мысалы, "Отырар" өңірлік ғылыми кітапханасында қолжазбалар топтамасын байыту жоспарлануда.

"Рухани жаңғыру" бағдарламасы бойынша 2018 жылы өңірлік бюджеттің 13685,6 млн теңгені құрайтын қаржыға 48 ішкі жобаны жүзеге асыру жоспарлануда. Оған қоса, жеке кәсіпкерлер де 29001,4 млн теңге көлемінде бөледі, деп хабарлайды Zakon.kz ОҚО әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Тәрбие және білім" ішкі бағдарламасы аясында "Туған жер. Туған ел. Туған глобал" ішкі жобасын іске асыру жоспарлануда. Оның мақсаты туған жерге деген балалардың сүйіспеншілігін арттыру, "Рухани қазына" ішкі бағдарламасы бойынша 2018 жылы бірнеше ішкі жобаларды іске асыру жоспарлануда. 2018 жылдың бірінші жартыжылдығында халықаралық жәрмеңке өткізу, ал екінші жартыжылдығында «Ontustik tourism-2018» форумын өткізу жоспарлануда. 2018 жылдың тамыз айында жергілікті бюджет есебінен "Наши горы" фестивалін өткізу жоспарда бар. Шараның негізгі мақсаты - түристік саладағы спорт түрлерін дамыту.

"Бабалар мұрасы ізімен" жобасы аясында "Отырар" өңірлік ғылыми кітапханасында қолжазбалар топтамасын байыту жоспарлануда. "Ақпарат толқыны" ішкі бағдарламасы бойынша 2 шараны іске асыру жоспарлануда: "Нан қасиеті" ток-шоуы мен "Аңызға толы атаулар" атты мотоэкспедиция.

Жалпы алғанда, ОҚО-да жобалар кеңсесі 2017 жылы 19 жобаны іске асырған. Облыстағы қала мен аудандарда 3452 іс-шара өткізілді.

Білім беру мекемелерінде "Рухани жаңғыру" тақырыбында 640 оқушы мен студенттердің қатысуымен 1036 ашық сабақ өткізілді. "Өлкетану" жобасы аясында облыстың киелі әрі тарихи жерлеріне 32,7 оқушы мен студентке саяхат ұйымдастырылды. "Демеушілер есебінен әлеуметтік қолдау" ішкі жобасы барысында жеке кәсіпкерлер мен демеушілердің есебінен жалпы құны 31,467 млрд теңгені құрайтын жоспарланған 577 өңірлік жобаның ішінде 138 жоба аяқталды. Жалпы құны 1435,0 млн теңге, бұл дегеніміз 23,9 % құрайды.

Облыс бойынша 104 қасиетті және киелі жерлер қалыптасты, ол жайында ақпарат "Қасиетті Қазақстан" орталығына жіберілді. Қазіргі кезде "Қасиетті Қазақстан" орталығының сарапшылар кеңесімен республика бойынша100 қасиетті нысан тізімге енді, оның ішінде 24 нысан Оңтүстік Қазақстан облысына тиесілі. Бұл көрсеткіш басқа облыстармен салыстырғанда екі есе көп.

Оған қоса, өңірдегі киелі жерлер тізіміне қосылған, экспедиция болған Сайрам ауданындағы тарихи Ханқорған қалашығында археологтар мен сәулетшілердің қатысуымен біріккен отырыс өтті. Облыстық "Отырар" ғылыми кітапханасында облыс әкімінің басшылығымен, сонымен қатар өзге елдің жазушылары, облыстың зиялы қауымы, түрколог-ғалымар мен БАҚ өкілдерінің қатысуымен «Мемлекеттік тілдің латын графикасындағы әліпбиінің бірыңғай стандарттарын енгізу мәселелері» атты жиын өтті.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: