Гватемала елшілігін Тель-Авивтен Иерусалимге көшіруге шешім қабылдады

Sputniknews.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.12.2017 15:50 Sputniknews.kz
Израиль елу жыл бұрын Иерусалимді Иорданиядан қайтарып, кейін аннексиялаған еді.

Гватемала президенті Джимми Моралес Израилдегі елшілігін Тель-Авивтен Иерусалимге көшіруге шешім қабылдағанын мәлімдеді, - деп жазады Sputnik Қазақстан РИА Новостиге сілтеме жасап.

"Бүгін (24 желтоқсан) Израилдің премьер-министрі Биньямин Нетаньяхумен сөйлестім… Маңызды мәселелердің бірі Гватемала елшілігін Иерусалимге қайтару болды. Сыртқы істер министріне осы орайда тиісті шаралар қабылдауға тапсырма бергенімді хабарлаймын", — деп жазды Моралес Facebook желісінде.

Израиль елу жыл бұрын Иерусалимді Иорданиядан қайтарып, кейін аннексиялаған еді. Көптеген ел аннексияны мойындамай отыр, сол себепті елшіліктердің басым бөлігі Тель-Авивте орналасқан.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: