Жаңалықтар тізбегі
0

Павлодар облысында тұрып қалған төрт жолаушылар автобусы мен тоғыз жүк көлігі жолға шықты

Рavlodarnews.kz , сурет - Zakon.kz жаңалық 26.12.2017 16:10 Рavlodarnews.kz 
Жолдарға құм себілді. Ресми түрде Екібастұз бағытындағы жолдағы көлік қозғалысына қойылған шектеу алынды.

Павлодар облысында Лебяжі ауданының Шарбақты ауылының маңында тұрып қалған төрт жолаушылар автобусы мен тоғыз жүк көлігі жолға шықты, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Бұл туралы агенттікке облыстық ТЖД баспасөз қызметінің бас маманы Гаухар Сыздықова айтты.

- Қазіргі таңда жағдай тұрақты, - деді Гаухар Сыздықова. –«Семей – Павлодар», «Өскемен – Павлодар» және «Астана – Павлодар» бағытындағы көліктерде 107 жолаушы болған. Оқиға орнында таңғы сағат жетіден бастап алты техника мен 10 адам жұмыс істеді. Жолдарға құм себілді. Ресми түрде Екібастұз бағытындағы жолдағы көлік қозғалысына қойылған шектеу алынды.

Оның айтуынша, көктайғақтың салдарын жою мақсатында облыс орталығына 100 техника жұмылдырылған.

Еске сала кетейік, бүгін Ақсу қаласы мен оқушылар тасымалданатын ауылдық аймақтарда бірінші ауысымда сабақтар өткізілмеген. Сондай-ақ, түстен кейін Павлодар қаласының мектептерінде де сабақтар тоқтатылды.

Ақбота Сейсенбаева

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: