Павлодарлықтар тас жолдарындағы жағдайды WhatsApp арқылы біле алады
Рavlodarnews.kz
Соңғы тәулікте көктайғаққа қарсы 600 тоннадан астам материал қолданылған
Павлодар облысында барлық бағыт бойынша тас жолдары ашық, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.
Бұл туралы «Қазавтожол» ЖШС-нің баспасөз қызметі ақпарат таратты.
- Ертіс өңірінде соңғы тәулікте көктайғаққа қарсы 600 тоннадан астам материал қолданылған. Жолдардың жүретін бөліктері тазартылып, тұз араласқан құм себілді. Желтоқсан айында бұл аймақтарда жауын-шашынның түсуі көктайғаққа әкелді, - деді баспасөз қызметінде.
Жолаушылар мен жүргізушілер республикалық маңызы бар тас жолдарына қатысты ақпаратты кезекшілік бөліміне хабарласып, +7 7172 444 777 қалалық немесе WhatsApp нөмірі +7 771 7444 777 арқылы біле алады. Сонымен қатар, 24 сағат бойы сұрақтар қойып, сурет және бейнематериалдармен алмаса алады. Кері байланыс жедел әрекет етуге және жолдағы жағдай бойынша білуге мүмкіндік береді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript