Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстанға шекара арқылы "әжім вирусы" кіріп кете жаздады

hortidaily.com, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.03.2021 21:15 hortidaily.com
700 тоннадан астам шетелдік қызанақ кіргізілмеді.

Қазақстанға 700 тоннадан астам шетелдік қызанақ кіргізілген жоқ, деп хабарлайды zakon.kz.

Көкөністерден қызанақ жемісінің қоңыр әжім вирусы табылды, деп хабарлады ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті

Жыл басынан бері Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің аумақтық инспекциялары Әзірбайжан, Түркіменстан, Өзбекстан және Түркиядан тасымалданған жалпы салмағы 700 тоннадан асатын 50 шақты қызанақ партиясын анықтады.

Көкөністерден қызанақтың қоңыр әжім вирусы (ToBRFV) анықталғандықтан Қазақстан аумағына кіргізуге тыйым салынды.

Айта кетейік, есепті кезеңде Комитет экспорттаушы елдерге өнімнің фитосанитарлық нормалар мен талаптарға сәйкес келмейтіні туралы 297 нотификация жіберді, оның 53-і қызанақтан қоңыр әжім вирусының анықталғаны туралы хабарлама.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: