Елбасы кітапханасының қоры беларусьтің құнды қолжазбаларымен толықты
Астанадағы ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы кітапханасына беларусь баспагері Франциск Скоринаның қолжазба басылымдар жинағы сыйға тартылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат».
Құнды тарихи мұраны кітапханаға Қазақстандағы Беларусь Республикасының Төтенше және Өкілетті елшісі Анатолий Ничкасов табыс етті.
Кітапханаға тарихи мұраны табыстау рәсімі Қазақстан Республикасы мен Беларусь Репсубликасы арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың 25 жыл толуына орай өткізіліп отыр. V ғасыр бұрынғы кітаптар жинағы Беларусьтың Ұлттық кітапханасынан әкелінген.
Айта кетерлігі, биыл Беларусь халқы - беларусь және шығыс славян халықтарының 500 жылдығын атап өтіп жатыр. Бұл мерекенің әлемдік мәдениет үшін ерекше маңызы болғандықтан, ЮНЕСКО бұл мерекені Айтулы күндер күнтізбесіне енгізген.
«Мен ең алдымен осынау шараға мұрындық болып, атақты Франциск Скоринаның еңбегін алып келгені үшін Қазақстандағы Беларусьтың елшісі Анатолий Ивановичке алғыс білдіргім келеді. Беларусьтың тұңғыш баспагерінің еңбегінің біздің кітапханаға сыйға тартылуы - шынында да, баға жетпес сыйлық. Екі елдің арасында мығым мәдени байланыс орнап келеді. Біздің Президенттің жуықта Беларусь еліне сәтті сапары осыны айғақтай түседі. Екі елдің мәдени-гуманитарлық байланысының берік бола түсуі - Елбасы кітапханасында жүзеге асып жатқаны ерекше қуантады», - дейді салтанатты рәсімде Елбасы кітапханасы директорының орынбасары Әмірхан Рақымжанов.
Қазіргі таңда әлемдің мәдениетте атағы бар Франциск Скоринаның басылымдарының Беларусьта бір бөлігі ғана сақталған екен. Алайда ағартушының дүние жүзі бойынша жиыны 520-ға жуық басылымы Ұлыбритания, Германия, Дания, Литва, Польша, Словения, Ресей, АҚШ және Украинаның кітапхана, музей мен мұрағаттарында жинақталған. Кітаптардың қолжазба басылымдары қалың жұртшылыққа беларусь халқының мәдени мұрасының құнды бөлігін ұсынып отыр. Қазақстандық тарихшылар үшін де аталған жазба құнды дереккөз болып табылады.
«Екі елдің дипломатиялық қарым-қатынасының орнағанына 25 жыл толуы орай өткізілген осы шара Қазақстанның тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлына көрсетілген құрмет деп білеміз. Беларусь тілі - славян халықтары ішіндегі ең көне тілдердің бірі. Өрлеу кезеңінде бұрынғы беларусь тілі ресми тіл саналып, құқықтық, іскерлік тілге айналған. 16 ғасырдың соңына дейін ол тіл Литваның Ұлы Княздығында ұлтаралық байланысқа негіз болған жетекші тіл болып есептелді. Осы ретте Беларусь елшілігі Қазақстан тарапымен барынша мәдени байланыс орнатып келеді. Өз атымнан Елбасы кітапханасының ұжымына зор алғысымды білдіргім келеді», - дейді Анатолий Нишкасов.