Асылбек Мусиннің Ригада қаза болуына қатысты қылмыстық іс қозғалды

Sputniknews.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.12.2017 18:30 Sputniknews.kz
Полиция Мусиннің Латвия астанасында он бесінші қабаттан құлап кеткенін растады.

Президент әкімшілігінің бұрынғы басшысының ұлы Асылбек Мусиннің Ригада қаза болуының мән-жайын Қазақстан сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі басшысы Әнуар Жайнақов айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Қазақстан азаматының қазасы бойынша Риганың полиция бөлімшесі қылмыстық іс қозғады, тергеу нәтижесінде өлімінің себебі анықталмақ. Кеше Ригаға жеткен марқұмның ағасы Қазақстан консулымен бірге сот-медициналық сараптама орталығына барып, Асылбек Мусиннің мәйітін көрді", — деді Жайнақов тілшілерге.

Оның айтуынша, полиция ақпаратына сүйенсек, Асылбек Мусин 15-ші қабаттағы пәтер терезесінен 22 желтоқсаннан 23-іне қараған түні құлаған. Полиция істі 22 желтоқсанда 23:42-де тіркепті.

"Асылбек Мусин Қазақстан консулдығының тіркеуінде болмаған. Тағы бір деректер бойынша, ықтияр хаты бар", — деп қорытты Жайнақов.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: