Жаңалықтар тізбегі
0

Төреғалидың концертінде болған павлодарлық ақсақал әншіні кешіруге шақырды

Рavlodarnews.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.12.2017 19:13 Рavlodarnews.kz
Әсетолла қарияның ойынша, «Ұлы дала баласы» Павлодарға концертпен келіп, халықтан кешірім сұрау керек.

70 жастағы Павлодар қаласының тұрғыны Әсетолла Медеуов Төреғалидің концертінде болған жағдай туралы айтып берді, - деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.

Әсетолла Медеуовтың айтуынша, 21-желтоқсан күні жұбайы екеуінің отау құрғанына 49 жыл толған. Осыған орай, ақсақал концертке барған.

- Балконда отырып дауыс көтерген қызылордалық көрерменнің қылығы дұрыс болмады. Ал, жас әншінің саханада айтқаны ашу үстінде болды. Ол албырт жүректі жігіт. Енді қанаттанып келе жатқан талант. Елімді көркейтемін деп жүрген азаматты басып тастау қателік деп есептеймін. Кешірімді болу керек. Бас кеспек болса да, тіл кеспек жоқ. Үлкен қариялар оған осы күнге дейін талай батасын берді. «Өркенің өссін» деп тілегін айтты, - дейді 70-тегі қария.

Сондай-ақ, ақсақал Павлодар облысы билігінің «Төреғали Төреәлі ресми іс-шараларға қатыспайды» деген шешімін асығыс жасалғанын айтады.

- Менің анам жол апатына ұшырап, 12 адамның арасында жалғыз көз жұмды. Жүргізуші болған жиен ағамды соттауға болатын еді. Бірақ, қазақта «Кешірімді болу», «Күншіл болма» деген сөзі бар. Оның қасында Төреғалиды кешіруге болады ғой. Ашумен айтылғаны белгілі. Жас баланың жастығы. Сол концертте мүгедек бала фотоға түсуге келді. Төреғали суретке түсті, ол жамандық ойлағаны ма? Қолындағы сәбиі бар бала да суретке түсуге келді. Әнші бас тартпады. Қолтаңбасын да берді, жамандық ойлағаны ма? Адамның жүрегі ашық болу керек. Ал, балкондағы көрерменнің айғай көтеруі орынсыз болды.

Әсетолла қарияның ойынша, «Ұлы дала баласы» Павлодарға концертпен келіп, халықтан кешірім сұрау керек.

- Бәлкім, ол тегін концертімен келеді ме екен. Тіпті, келмеген жағдайда халықтан кешірім сұрауы керек. 21-і күні болған көрермендерін қайта шақырып, «халқым, артық айтқаным болса, кешіріңдер» деуіне болады. Қыдырәлі Болманов та айтты, әр адам қателеседі. Сондықтан, қазағым өссін десе, әр адам оған кешірімділік танытады.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.12.2017 19:13

, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.12.2017 19:13

Ол өзімен бірге редакцияға болған оқиғаға қатысты жазған хатын ала келген.

Еске салайық, 21-желтоқсан күні Төреғали Төреәлі Павлодар қаласында Естай атындағы мәдениет сарайында «Айхай-25» атты ән кешін өткізген болатын. Концерт кезінде көрермендердің бірі өзін Қызылордадан келгенін айтып, әншіден суретке түсе бермей, ән айтуы керектігін ұрысып айтқан. Сахнада тұрған Төреғалидің жауабы қалың жұртшылыққа ұнамаған болатын.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: