Астанада қайырымдылық жәшігін ұрлаған адам іздестіріліп жатыр

ҚазАқпарат, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.12.2017 21:52 ҚазАқпарат
Оқиға 27 желтоқсан күні сағат 08.00-дер шамасында болған.

Астананың тәртіп сақшылары қайырымдылық көмек үшін қойылған ақша толы жәшікті ұрлап кеткен ер адамды іздестіріп жатыр, деп хабарлайды «ҚазАқпарат»

Оқиға 27 желтоқсан күні сағат 08.00-дер шамасында Жеңіс даңғылы бойындағы «Дастархан» асханасында болған. Белгісіз ер адам ғимараттың ішінде тұрған қайырымдылық мақсаттағы ақшаны алып із суытқан. Күдіктінің бейнесі ғимараттағы бақылау камерасына түсіп қалды.

Қазір полицейлер ұрыны іздестіру үстінде. Астана ІІД қызметкерлері бейнекамераға түскен адамды танитындар болса Сарыарқа аудандық ІІБ-іне 8 (7172)71-66-36, 71-66-34, 71-66-10, ұялы. тел. 8-775-400-04-28 нөмірлеріне қоңырау шалуын сұрайды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: