Жаңалықтар тізбегі
0

Елімізде көлік нөмірлеріндегі әріптер де саудаланатын болды

Хабар 24, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.01.2018 16:51 Хабар 24
Жоғары сұранысқа ие нөмірлерге сұраныс бар.

Жаңа жылдан бастап көлік нөмірлері қымбаттады. Заңдағы соңғы өзгерістерге сәйкес сұранысқа ие мемлекеттік нөмірлердің тізбесі кеңейтіліп, бірдей әрпі бар нөмірлер ресми саудаға түсе бастайды, деп хабарлайды Хабар 24.

2008 жыл. Біріккен Араб Әмірліктері. Жергілікті кәсіпкер 1 деген мемлекеттік нөмір үшін 14 миллион доллар төледі.

2014 жыл. Ұлыбритания. Өз есімін жарияламауды сұраған азаматқа F1 деген жазуы бар нөмір 10 миллион долларға сатылды.

2016 жыл. Қырғызстан. Үш 7 және үш А әрпі бар көлік нөмірі онлайн аукцион арқылы 25 мың долларға өз иесін тапты.

Ал енді бізде қалай? Бізде жоғарыда айтылған арнайы аукциондар болмайды. Нөмірге қалаған есімді не атауды жазуға да тыйым салынған. Есесіне 2015 жылдан бастап бірдей сандары бар мемлекеттік нөмірлер ресми сатыла бастады. Ал 2018 жылдан бастап енді жанындағы бірдей әріптер де саудаға түседі.

Мемлекеттік нөмірлерді арнайы саудалау туралы идея бізде осыдан 10 жыл бұрын айтыла бастады. Өйткені көптеген дамыған елдің тәжірибесінде бар, бюджетке түсімнің көлемі артады және ең бастысы – саладағы жемқорлықтың түбіне балта шабады. «Яғни бастама өте өзекті және уақтылы көтеріліп отыр», – дейді заң жобасын қос қолдап қолдаған Мәжіліс депутаты Омархан Өксікбаев.

- Егер бұны Үкімет солай реттемеген жағдайда, бұл сыбайластықты дамытып, біреудің қалтасын толтырып, солай кетіп жатар еді. Өйткені солай болып жүрді де. Егер мемлекет сондай мәселелерді назарға алып, реттемей отыратын болса, ол жемқорлыққа апаратын жолдардың бірі және бірегейі. Біз уақтылы алдын алдық, - деді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Омархан Өксікбаев.

Расымен де мемлекеттік нөмірлер ресми саудаланғаннан бері көлеңкелі жолды іздейтіндердің ағыны сап тыйылды. Сонымен қатар 3 жылдың ішінде бюджетке 5 миллиардтан астам қаржы түсті. Ал енді «әдемі» сандармен қатар «әдемі» әріптердің де сатылуы кірісті одан сайын арттыра түсу керек. «Өйткені бұндай нөмірлерге сұраныс қашан да жоғары», – дейді мамандар.

- Жоғары сұранысқа ие нөмірлерге сұраныс бар. Қазақстанның түкпір-түкпіріндегі азаматтардың, жүргізушілердің алуына қолжетімді жағдай жасалған. Сол себептен қазіргі таңда Алматы, Алматы облысы, Астана, Қарағанды, ШҚО-да осы нөмірлер алдыңғы қатарда деп айтуға болады, - дейді ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің ресми өкілі Ақтоты Боранова.

Ал енді басты сұрақ – бұндай нөмірлердің бағасы қанша болмақ? Егер сандары маңызды емес, ал әріптері бірдей нөмір аламын десеңіз, қосымша шамамен 130 мың теңге төлеуіңіз керек. Ал санын да, әрпін де әдемі қылғысы келетіндер 646 мың теңгеге дейін қаржысынан қағылады. Бірақ ерекше нөмірі барларға көше қозғалысында ешқандай жеңілдік берілмейді. Барлық жүргізушілер сияқты ортақ ережеге бағынуы тиіс.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: