Жаңалықтар тізбегі
0

Ақтаулық оқушы Малайзияда өткен ауызша есептеу олимпиадасында бас жүлдеге ие болды

Zakon.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.01.2018 18:04 Zakon.kz
1 минутта 25-30 есепке дейін ойша шығара алады.

Орынгүл Ақтаудағы №17 мектептің 5-сыныбында оқиды. Ол оқушылар арасында «калькулятор» атанып кеткен. 1 минутта 25-30 есепке дейін ойша шығара алады, - деп хабарлайды Хабар 24 арнасы.

Дарынды жас жуырда Малайзияда өткен ауызша есептеу олимпиадасында да шапшаңдығымен талайды таңқалдырды. АҚШ, Ресей, Қытай сынды әлемнің 45 елінен келген 3 мың баланың ішінен озып шығып, бас жүлдені жеңіп алды.

– Мен Малайзияға бара жатқанда, бірінші орын алуды мақсат еттім. 2-3 айдай дайындалдым. Маған арифметика ойша есептеу ұнайды, - дейді Орынгүл Арыстан.

Бала күнінен есепке жүйрік Орынгүлді анасы былтыр менталды арифметикаға үйрететін орталыққа береді. Талантты оқушы бір жыл ішінде күрделі есептерді әп-сәтте шығаруды меңгеріп алған. Екі таңбалы санды екі секундта еш қиындықсыз алып, қосып, көбейте алатын ол үш таңбалы санды есептеуді үйрене бастады.

– Орынгүлдің қабілеті өте жылдам. Үйде де, жалпы басқа қосымша сабақтарда да өзін алға сүйреп қамшылайтын қыз. Үйінде анасы да, апалары да жан-жағы демеу болатын шығар. Өзінің ортасы себепкер болады деп ойлаймын. Біз жылдамдықпен күресеміз. Мидың оң жақ, сол жақ қабілетін жұмыс істету арқылы баланың қабілетін жылдамдатамыз, - деді Орынгүлдің инструктор, ұстазы Қарлығаш Әдірейімова.

Орынгүл – оқу озаты. Математикамен қатар тіл үйренуге де қабілетті. Қазақ, орыс тілімен қоса ағылшынға да жетік. Алайда дарынды қыздың арманы – анасы сияқты есепші болу.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: