Ақтөбеде екі күнде түнгі уақытта ата-анасыз көше кезіп жүрген 70 бала ұсталды

Аktobenews.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.01.2018 18:24 Аktobenews.kz
Полицейлер 16 жеткіншекті есепке алды.

Полицейлер 16 баланы есепке алды. Сондай-ақ, міндетін орындамаған 7 ата-ана есепке алынды, - деп хабарлайды Аktobenews.kz.

2 қаңтарда басталған «Каникул» жедел алдын алу шарасы барысында 70 бала полиция бөлімшелеріне түсті. Оның 58-і түнгі 23:00-ден таңғы 6:00-ге дейін ата-анасыз көше кезіп, ойын-сауық мекемелерінде жүрген.

Ойын-сауық мекемелерінің екі әкімшісі жауапкершілікке тартылды. Бұдан басқа, 21 жасқа толмаған ақтөбеліктерге арақ сатқан дүкеншілер де ұсталды.

Полицейлер 16 жеткіншекті есепке алды. Сонымен қатар ата-аналық міндетін орындамаған 7 ата-ана да есепке алынды.

Мәселен, 2 қаңтарда сағат түнгі 1:00-де ойын-сауық орталығында жүрген жасөсіпірімнің ата-анасына 7 мың теңге шамасында айыппұл салынды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: