Мемлекет басшысы оқушылардың жүктемесін төмендетуді тапсырды
inform.kz
Білім беру мекемелерінің арасындағы бәсекелестікті арттырып, жеке капиталды тарту үшін қала мектептерінде жан басына қатысты қаржыландыру енгізілетін болады.
Мемлекет басшысы өз Жолдауында оқушылардың жүктемесін төмендетуді тапсырды, - деп хабарлайды Zakon.kz.
"Біздегі оқушылардың жүктемесі ТМД елдерінің ішінде ең жоғары болып отырғанын және Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы елдеріне қарағанда орта есеппен үштен бір еседен көп екенін ескеріп, оны төмендету керек", - деді Елбасы.
Президент барлық өңірлердегі Оқушылар сарайларының базасында компьютерлерді, лабораторияларды және 3Д-принтерлерді қоса алғанда, барлық қажетті инфрақұрылымдары бар балалар технопарктері мен бизнес-инкубаторларының желісін құруды тапсырды.
"Бұл жас ұрпақты ғылыми-зерттеу саласына және өндірістік-технологиялық ортаға ұтымды түрде кірістіруге көмектеседі", - деп атап өтті Президент.
Сонымен қатар, білім беру мекемелерінің арасындағы бәсекелестікті арттырып, жеке капиталды тарту үшін қала мектептерінде жан басына қатысты қаржыландыру енгізілетінін ескерте кетті.
ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауының толық мәтінін осы сілтемеден оқи аласыз.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript