Жаңалықтар тізбегі
0

Ақтөбе мектебінде қара жамылған әйелдер қардың үстінде тұрып намаз оқыды

Sn.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.01.2018 19:00 Sn.kz
Бұл оқиға Ақтөбе қаласындағы №56 орта мектепте болған.

Ақтөбе мектептерінде хиджаб дауы сейілер емес. Осыдан екі-үш күн бұрын "діндар" ата-аналар облыстық әкімдік ғимаратына басып кіріп, Бердібек Сапарбаевпен кездесуді талап еткен болатын. Бұл әрекеттерінен түк шықпаған соң олар мектеп ғимаратының алдына барып, қардың үстінде тұрып намаз оқыды, - деп жазады Sn.kz.

Аталған көріністің суретін әлеуметтік желіге шымкенттік заңгер Айгүл Орынбек жүктеді. Оның айтуынша, бұл оқиға Ақтөбе қаласындағы №56 орта мектепте болған.

«Мынау не енді? Осындай көзбояушылық кімге керек? Мектептің алдында намаз оқып, кімге не дəлелдемекші? Елімізді Сирияға айналдырмақшы ма? Неге тыныш жүрмейді? Қай ата-бабаң қара жамылған? Министр Ермекбаев мырза, еліміздің батыс жағын шұғыл қолға алу керек! Мыналар жақсылыққа алып бармайды! Депутаттар мыналарға қарсы заң қайда?», - деп жазды А.Орынбек өзінің Facebook-парақшасында.

Айта кетейік, оқушылар арасындағы хиджаб дауы елімізде соңғы бірнеше жылдан бері жалғасып келеді. Әр жаңа оқу жылы басталған сайын мектептерге хиджаб киіп келетін оқушылардың ата-аналары мен мектеп әкімдігі қырық пышақ болып айтысып жатады. Өйткені, оқу орындарына діни киім киіп келу заңмен шектелген.

, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.01.2018 19:00

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: