Жаңалықтар тізбегі
0

Кореядағы қайғылы оқиға: Қазақстандық студенттің денесі ертең елге жеткізіледі

Жас қыз сеулде қаза тапты, сурет - Zakon.kz жаңалық 31.10.2022 17:36 Сурет: pixabay
Ақтөбе қаласының тумасы екінші жоғарғы білім алу үшін Кореяны таңдаған. Ол жастайынан білімге құштар болған. Ақтөбе қаласындағы №27 мектепте оқыған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ұстаздарының айтуынша, Мәдина әсіресе, ағылшын тілін жетік білген. Мектеп басшылығы онымен ара-тұра байланысып отырғандарын айтады. Елшілік қызметкерлері қаза тапқан отандасымыздың құжаттарын ресімдеуге қажетті көмекті көрсетіп жатыр. Марқұмның туыстары оның денесі елге ертең жеткізілетінін айтты.

Мәдина біздің үздік оқыған қыз. Ағылшын тілін тереңдетіп оқытатын сыныпта оқыды. Ағылшын тілін өте жоғары деңгейді білді. Оған өте ұнады. Енді, өкінішке қарай, осындай жағдай орын алған соң оқуын тәмамдай алмады. Отбасымен үнемі байланыста болдық. Хабарын біліп отырдық. Алтынгүл Аткиева, №27 орта мектеп директорының орынбасары
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: