Қостанайлық ішімдік бермеген көршісін өлтіріп тастады
ҚазАқпарат
Күдікті 76 жастағы көршісіне келіп, ішімдік сұрайды. Кейін зейнеткерді буындырып өлтіреді.
Әулиекөл ауданы Аманқарағай ауылында 28 жастағы ер адам зейнеткерді өлтіріп, үйін өртеп жіберген, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«1 қаңтар күні полицейлер Бейбітшілік көшесіндегі үйдің өртеніп жатқаны туралы ақпарат алды. Өртенген үйдің орнынан аяусыз өлтірілген 76 жастағы әйелдің денесі табылған. Жедел-із кесу шаралары нәтижесінде 28 жастағы күдікті ұсталды. Ол зейнеткердің көршісі болып шықты», - делінген ІІД баспасөз хабарламасында.
Белгілі болғандай, күдікті 76 жастағы көршісіне келіп, ішімдік сұрайды. Кейін зейнеткерді буындырып өлтіреді. Бұған қоса үйден «Samsung Galaxy Grand Neo» және «Samsung Galaxy J1» маркалы ұялы телефондарды қолды қылған. Қылмысын жасыру үшін үйін өртеп жіберген.
Аталған факт бойынша ҚР ҚК «Кісі өлтіру» және «Ұрлық» баптарымен тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript