Жаңалықтар тізбегі
0

Қызылорда облысында 3 ақбөкенді атып алған браконьер ұсталды

syrboyi.kz syrboyi.kz
Бұдан басқа, 12 калибрлі, ұңғылы аңшы мылтығы, атылмаған оқ, ағаш сапты пышақ тәркіленді.

Қызылорда облысы Қармақша ауданында рейдтік тексеріс барысында 3 бірдей ақбөкенді атып алған браконьер ұсталды деп мәлімдейді Syrboyi.kz Қызылорда ОІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

10-14 қаңтар аралығында экологиялық қылмыстардың алдын алу мен браконьерлік әрекеттердін жолын кесу мақсатында Қармақшы ауданының аумағында полиция қызметкерлері мен «ОХОТЗООПРОМ» РМҚК қызметкерлерінің бірлескен рейдтік іс-шарасы өткізілді.

– Рейдтік шара кезінде 14 қаңтар күні автокөліктерге тексеру жүргізу барысында Қармақшы ауданы тұрғынының басқаруындағы «Тойота-Ланд-крузер» автокөлігі тоқтатылып, тексеру барысында, автокөліктің артқы жағында қапқа оралған үш ақбөкен табылды, – деп мәлімдейді Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі.

Бұдан басқа, еш құжаты жоқ 1 дана 12 калибрлі, 1 ұңғылы аңшы мылтығы, 7 дана атылмаған оқ, 1 дана ағаш сапты пышақ тәркіленді.

Бұл факт Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 337-бабы 4-бөлігінде СТТБТ-де тіркеліп, тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз