Алматыда аязға байланысты 27 қаңтарда мектептерде сабақ тоқтатылады

ҚазАқпарат, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.01.2018 21:27 ҚазАқпарат
27 қаңтар күні 5-11 сынып оқушыларына сабақ тоқтатылды.

Алматы қаласы Білім басқармасының бұйрығымен 27 қаңтар күні мектептерде сабақ тоқтатылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматы қаласы білім басқармасының шешімімен сенбі, 27 қаңтар күні 5-11 сынып оқушыларына сабақ тоқтатылды.

«Ауа температурасының -25 градусқа дейін төмендеуіне байланысты Алматы қаласында 27 қаңтар күні білім басқармасы басшылығының бұйрығымен 5-11 сынып оқушыларына сабақ тоқтатылды. 1-4 сынып оқушылары бескүндік оқу жүйесіне байланысты сенбі оқымайды», - делінген хабарламада.

Айта кетейік, синоптиктер осы апта соңында Алматыда аяз күшейетінін ескерткен болатын. Мамандардың болжауынша, жұма мен жексенбі күндері ауа температурасы күндіз -25, түнде -36 градусқа дейін түседі.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: