Талғарда жер сілкінісінен кейін мектептерде сабақ тоқтатылды
Фото: Zakon.kz
Талғарда бүгін, 2024 жылдың 5 қарашасында болған жер сілкінісінен кейін мектептер мен балабақшаларда сабақ тоқтатылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бұл туралы Талғар ауданы бойынша білім басқармасының баспасөз қызметінен хабарлады:
"Бүгін Талғар қаласындағы мектептер мен балабақшалардағы сабақтар тоқтатылды."
Бұған дейін Алматы мен Алматы облысында сағат 10:00-де жер сілкінісі болғаны хабарланған болатын. Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, жер асты дүмпулерін ең көп Талғар мен Есік тұрғындары сезген. Ал Алматыдағы жер сілкінісінің есептік қарқындылығы 3 баллды құрады.
Кейін Қазақстанның Төтенше жағдайлар министрлігі Алматы қаласы мен Алматы облысындағы жағдай туралы айтты.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript