Жаңалықтар тізбегі
0

Қазпошта дәрі-дәрмекті үйіңізге дейін жеткізіп береді

ҚазАқпарат, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.01.2018 22:52 ҚазАқпарат
Ең бірінші кезекте жағдайы ауыр сырқаттар үшін енгізіледі.

Қазпошта пациенттің үйіне дәрі-дәрмекті рецептпен жеткізіп береді. Бұл туралы бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінде денсаулық сақтау саласын цифрландыру тақырыбында өткен Үкімет сағатында еліміздің Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов айтты. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

«Қозғалуы қиын пациенттердің белгілі бір санаты бар. Біз Қазпоштамен келісіп, ілкі жоба әзірлейтін боламыз. Оны ағымдағы жылы Қарағанды облысынан бастамақпыз. Дәрігерге рецепті тағайындап берсе жеткілікті. Қазпошта оны пациенттің үйіне, оның ішінде ауылдық жерлерге де жеткізіп береді. Оларда барлық инфрақұрылым бар. толықтай алғанда бұл жоба үнемді. Егер жақсы жүріп кетсе, басқа өңірлерге де таратылады. Ең бірінші кезекте жағдайы ауыр сырқаттар үшін енгізбекпіз», - деді ол. Министр депутаттардың сауалына жауап бере келе, қазіргі уақытта пациенттердің рецепті электронды түрде де алуға мүмкіндігі бар екендігін айтты.

«Диспансерлік есепте тұрған науқастар үшін тегін рецептер бүгінгі күні электронды формада беріледі. Рецепті қағаз түрінде ЖСН-нің көмегімен аталған дәрі-дәрмекті беруге келісімшарты бар дәріханалар порталы арқылы да алуға болады. Таңдау пациентте. Көпшілігі, әсіресе қарт адамдар сенімсіздік танытып, қағаз түрінде сұрағандықтан басып шығарып береміз», - деді Елжан Біртанов.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: