Жаңалықтар тізбегі
0

"Көз тимесін" - Сағынтаев Олимпиадаға баратын спортшыларға сәттілік тіледі

Sputniknews.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.01.2018 19:02 Sputniknews.kz
ХХІІІ Қысқы Олимпиада ойындары 2018 жылдың 9-25 ақпан аралығында Пхенчхан қаласында (Оңтүстік Корея) өтеді. 95 елден келген 2900-ден астам спортшы мен ресми тұлға қатысады деп жоспарлануда.

Қысқы Олимпиада ойындарының ашылу қарсаңында Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев спортшыларға сәттілік тіледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Бірнеше күн қалды, Олимпиада ойындарының ашылуын асыға күтудеміз. Біздің спортшыларға табыс пен жеңіс тілеймін, медальдармен оралсын. Көз тимесін, егер ерте айтатын болсақ, көз тиіп кетуі мүмкін", - деді Б. Сағынтаев үкімет отырысында.

Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының айтуынша, қазақстандық спорт делегациясы 9 спорт түрінен – биатлон, мәнерлеп сырғанау, шорт-трек, конькимен жүгіру спорты, тау-шаңғы спорты, шаңғы жарысы, шана спорты, шаңғымен трамплиннен секіру, фристайл, могул бойынша қатысуды жоспарлап отыр.

"Алдағы Олимпиада ойындарына біз тоғыз спорт түрінен 57 лицензияны жеңіп алдық. Бұл соңғы көрсеткіш емес, ол әлі де арта түседі. Ол биатлон - 10, шорт-трек - 12, конькимен жүгіру спорты - 12, шаңғы жарысы - 7, мәнерлеп сырғанау - 3, фристайл могул - 4, фристайл, акробатика - 5. 46 спортшы қатысады, олардың 45-і - біздің қазақстандық тәрбиеленушілер", - деп толықтырды үкімет басшысы.

Ол Олимпиада делегациясының алдында Сочиде өткен Олимпиада ойындарының нәтижесінен төмен көрсеткіш көрсетпеу мақсаты тұрғандығын айта кетті.

Өз кезегінде, Ұлттық олимпиада комитетінің (ҰОК) бас хатшысы Данияр Әбілғазин, ҰОК үшін айрықша маңызды мәселелердің бірі, Мәдениет және спорт министрлігімен бірлесіп, допингті пайдалануды болдырмау жөнінде шаралар қабылдау болып табылады.

"Олимпиада командасының барлық кандидаты допинг тестінен өтті. Әр спортшыдан соңғы сынама қаңтар айының басында алынып, Дрезденнің допингке қарсы зертханасына жіберілген. Олимпиадаға тек «таза» спортшылар ғана барады деп сенеміз, бұл басты мәселелердің бірі. Киім-кешекпен қамтамасыз етілді. Осы Олимпиадаға біз Mizuno компаниясын таңдадық, спортшылар барлық киімдерді алды, оларға ұнады, бәрі риза", - деп түйіндеді ол.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: