Жаңалықтар тізбегі
0

Мас күйінде көлік жүргізген Ұлттық бюро қызметкері жұмыстан шығарылды

Baq.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.02.2018 16:14 Baq.kz
Тексеру кезінде факті дәлелденді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының қызметкері көлігін мас күйінде жүргізгені үшін жұмыстан шығарылды, деп хабарлайды Baq.kz.

Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі мәлім етті.

«30 қаңтар күні мемлекеттік нөмірі 247 NMA/01 «Toyota» автокөлігін мас күйінде жүргізген А.О.Байшиғашев, Астана қаласының ІІД ЖПҚ жол-полициясы қызметінің өкілдеріне өзін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің тергеушісі ретінде таныстырған. Құқық бұзушы мен оның қызметтік куәлігі смартфонның камерасына түсіріліп, видео әлеуметтік желілерде жарияланды», - делінген хабарламада.

Тәртіптік комиссия А.О.Байшиғашевтің қоғамдық орында мас болып жүруі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізетін орган қызметкерлерінің беделіне нұқсан келтіреді деген шешім шығарды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының ішкі қауіпсіздік басқармасы аталған жағдай бойынша қызметтік тергеу жүргізіп, материалды зерттеді.

«Тексеру кезінде факті дәлелденді. Анықталғанындай, Астана қаласының ІІД жергілікті полиция қызметімен қызметкерге қатысты ҚР ӘқбтК 608 бабы 1 бөліміне сәйкес әкімшілік материал дайындалған. Осыдан кейін қызметкерді жұмыстан босату туралы шешім қабылданды», - делінген ведомствоның баспасөз хабарламасында.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: