Өзбекстан шетел азаматтары үшін визасыз режим енгізеді
Сурет: zakon.kz
Бұдан тыс, жарлық 39 елдің азаматтарына туристік виза алу тәртібін жеңілдетуді көздейді.
Өзбекстан бірқатар елдің азаматтарына визасыз режим енгізбек, деп хабарлайды ҚазАқпарат Анадолы агенттігіне сілтеме жасап.
Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеев 10 ақпаннан бастап Түркия, Индонезия, Оңтүстік Корея, Малайзия, Сингапур, Жапония және Израиль азаматтарына 30 күндік визасыз режим енгізу туралы жарлыққа қол қойды.
Режим елге тұрақты рейс жасайтын әуе компаниялары ұшақтарының экипажына да қолданылады.
Бұдан тыс, жарлық 39 елдің азаматтарына туристік виза алу тәртібін жеңілдетуді көздейді. Олардың визасы құжаттар қабылданған күнді есептемегенде, екі күн ішінде дайын болуы тиіс.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript