Жаңалықтар тізбегі
0

Екі адамды құтқарған Өскемен тұрғыны елге жария болмау үшін есімін жасырып қалды

stan.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.02.2018 18:04 stan.kz
Өскеменде ер адам екі жасөспірімді өрттен аман алып шықты.

Төтенше жағдайлар қызметі қала тұрғынының батыл іс-әрекеті туралы кездейсоқ білген, деп хабарлайды stan.kz, Аltaynews.kz сайты жариялаған ақпаратқа сілтеме жасап.

Ақпанның 3-інен 4-іне қараған түні Ертіс көшесінің бойындағы жер үйлердің бірінде өрт шыққан. Құтқарушылар оқиға орнына жеткен кезде үйдің шатыры түгелімен отқа оранып жатты. 25 шаршы аумақты шарпыған жалын жарты сағаттың ішінде ауыздықталды. Кейін оқиғаға куә болғандар белгісіз ер адам ысты газға уланған 2003 және 2002 жылы туған екі жасөспірімді үйден алып шыққанын айтқан. Оларды құтқарған Игорь есімді көршілері болып шықты. Ол балаларды үйден көтеріп алып шығып, жедел жәрдем дәрігерлеріне тапсырған.

Тергеудің алдын ала нұсқасы бойынша, масайып алған екі дос туыстарынан үйдің кілтін ұрлап алған. Ішімдік ішулерін сонда жалғастырған олар өрттің шығуына себеп болған. Егер көршілері болмаса екеуінің аман қалуы екі-талай еді. Бірақ Игорь өзінің әрекетін батырлыққа баламайды.

«Мен құтқарушы емеспін ғой – мұны жасауға тиіс едім. Бұл туралы өзгелерге айтып, мақтануды жөн санамаймын», – деді ол өзінің тегін атамауды өтініп.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: