Жаңалықтар тізбегі
0

Депутат Мәулен Әшiмбаевтың өкiлеттiгi мерзімінен бұрын тоқтатылды

Baq.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.02.2018 16:32 Baq.kz
Мәулен Әшімбаев халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы қызметін атқарған.

ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында депутаттар бұрын «Нұр Отан» партиясы төрағасының бiрiншi орынбасары болып тағайындалған мәжіліс депутаты Мәулен Әшімбаевтің өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы мәселені қарастырды, деп хабарлайды Zakon.kz.

«ҚР Конституциясының 52-бабы, 5-тармағына, «ҚР Парламентi және оның депутаттар мәртебесi туралы» 1995 жылғы 16 қазандағы конституциялық заңының 24-бабы 3-тармағына сәйкес және орнынан түсу туралы өтiнiш негiзiнде, Орталық сайлау комиссиясы ҚР Парламентi Мәжiлiсiнiң депутаты Мәулен Сағатханұлы Әшiмбаевтың өкiлеттiгiн мерзiмiнен бұрын тоқтату туралы мәселенi шешу үшiн ұсыным енгiзiп отыр», - дедi Орталық сайлау комиссиясының мүшесi Бақыт Мелдешов.

Мәжіліс М.Әшімбаевтың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы шешім қабылдады. Мәжіліс спикері Н.Нығматулин Мәулен Әшімбаевқа алғысын білдірді.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: