Жаңалықтар тізбегі
0

Қызылордада егістік жерлерді су алды

agronews.ua, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.02.2018 17:00 agronews.ua
Мұз дұрыс жүрмей, дария арнасынан асуы мүмкін.

Қызылордада егістік алқаптар суда қалды. Күннің күрт жылынуы салдарынан Сырдария өзенінде мұз еріп, кептеліс туындаған. Бөгеттің 8 тұсынан су жырған, деп жазады kaztrk.kz.

Мамандардың айтуынша, қазір Шардара мен Көксарай қоймасы көп су алып жатыр, сондықтан, төменге қарай құйылып жатқан судың мөлшері азайды.

Секундына 400 текше метр. Бірақ, ауа температурасы жоғарылаған сайын қауіп күшеймек. Мұз дұрыс жүрмей, дария арнасынан асуы мүмкін.

Бақытжан Лекеров, Сырдария ауданы әкімінің орынбасары: - 2300 гектар алқапты су алды. Қазіргі уақытта егістік алқаптың су басқан жерлерінен малдар шығарылып, шығын келмейтіндей жұмыс жасалып жатыр.

Ақерке Берікбекқызы

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: