Шекарадан қомақты соманы заңсыз өткізбек болған түрікменстандық ұсталды

ҚазАқпарат, сурет - Zakon.kz жаңалық 07.02.2018 22:24 ҚазАқпарат
Аталған оқиға бойынша жауапты орындарға ақпарат жіберілді.

Қазақстан шекарашылары декларацияланбаған ірі көлемдегі ақшаны шекарадан өткізбек болған адамды қолға түсірді. Бұл туралы ҚазАқпарат ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Жағалау күзетінің аймақтың басқармасына қарасты «Темірбай баба авто» өткізу бекетінде «Тойота Ланд Крузер» көлігімен Қазақстаннан Түрікменстанға бара жатқан Түрікменстан азаматшасы қолға түсті. Ол шекарадан декларацияланбаған 70 мың АҚШ долларын алып өтпек болған»,-деп мәлімдейді баспасөз қызметі.

Аталған оқиға бойынша жауапты орындарға ақпарат жіберілді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: