Жаңалықтар тізбегі
0

Назарбаев Жұмағалиевке цифрландыру туралы: Мына сөзіңді шалғайдағы қойшы түсінбейді

baribar.kz, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.02.2018 20:44 baribar.kz
Сен мұны нақтылап түсіндіруің керек. Қайдан пайда болды, не үшін пайда болды, бұрын жоқ еді ғой - Н. Назарбаев.

Мемлекет басшысының қатысуымен өтіп жатқан үкіметтің кеңейтілген отырысында Қазақстан Республикасындағы цифрландыруды жүзеге асыру жұмыстары талқыланды. Сондай-ақ, осы мәселе бойынша ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев бірқатар тапсырма берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Мемлекеттік қызметтер сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендетуге немесе жоюға, транспаренттілікке әкеледі. Осыған байланысты бүгінгі күні біз барлық қызметке толықтай талдау жүргіземіз, кейбір қызметтер түрін мемлекеттік қызметкердің қатысуынсыз іске асыруға болатынын түсінеміз», - деді Асқар Жұмағалиев.

"Міне, Асқар, қазір басшыларға арналған семинар болып жатыр, егер сен дәл осындай тілде түсіндіретін болсаң ...», - деді Н.Назарбаев.

"Қиын болады. Солай ма?", - деп сұрады А. Жұмағалиев.

Мемлекет басшысы қиын екенін айтты.

"Шалғайдағы қойшы түсінбейді, тіпті сауатты адамның өзі де цифрландырудың не екенін түсіне алмайды. Сен мұны нақтылап түсіндіруің керек. Қайдан пайда болды, не үшін пайда болды, бұрын жоқ еді ғой", - деді Н. Назарбаев.

Сонымен қатар, ҚР Президенті Ақпарат және байланыс министрлігінің басшысы Дәурен Абаев пен Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиевке IT-индустриясына мамандарды дайындау және цифрландыруды түсіндіру жұмыстарын жандандыруды тапсырды.

"Мен Дәурен Абаевқа телеарналарда, орталық, облыстық газеттерде, цифрландыру туралы бағдарлама, айдар ашып, оның қандай пайдасы бар, қай жерде қолданылып жатыр, қандай жетістікке жетті, неліктен пайда болды, жалпы ол не екенін түсіндіруді ұсынамын. Яғни жалпыға бірдей жаппай оқыту қажет. Ерлан (Сағадиев), оны мектептен бастау керек. Болашақта олар осы салада жұмыс істейтін болады. Алдағы уақытта, 2030 жылы келетін экономика үшін мүлдем басқаша балалар болуы қажет. Білім саласында реформа жасауды тоқтатпайды деп бізді үнемі сынайды, басқа амалымыз бар ма. Болашақтағы балалар жаттанды нәрсені айтпай, өз бастарымен ойлануды үйрену керек", - деді Елбасы.

Барлық жаңалықтарды осы сілтемеден оқыңыздар

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: